
Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатын сәтті бастады.
80 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатқан жерлесіміз алғашқы айналымда украиналық Матвей Ражбамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Нұрбек қарсыласынан басым түсті. Бірінші раундтан бастап тізгінді өз қолына алып, жекпе-жектің соңына дейін басымдығын сақтап қалды.
Нәтижесінде төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшының жеңісін тіркеп, кездесу 5:0 есебімен аяқталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін 55 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Махмұд Сабырхан жеңіске жеткен еді.