
Қазақстандағы тұңғыш спектакль экранизациясы көрерменге жол тартпақ. «Sham» театрының «№37» қойылымы толыққанды фильмге айналып, 20 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.
Фильмнің оқиға желісі метро жарылысынан басталады. Сол жарылыста қаза тапқан Расұлды отбасы 15 жыл бойы жоқтап келген. Алайда құрбандарды еске алу күнінде Расұл аяқ асты үйге оралады. Туыстары онымен қайта қауышқандарына қуанады, бірақ «Осы уақытқа дейін қайда болды?» деген сауалдың жауабын әркім өздігінше іздейді. Расулдың өзі болса, шындықты жасырғандай, нақты жауап бермейді.
Фильмнің режиссері – Жандос Айбасов, бұған дейін көрерменге актер әрі каскадер ретінде танымал болғанымен, кәсіби режиссерлік білім алғанын көпшілік біле бермейді. Түсірілім алаңындағы көпжылдық тәжірибесі оған арманын жүзеге асырып, алғашқы толықметражды фильмін ұсынуға жол ашты.
«№37» – тек қана отбасылық драма емес, сонымен бірге адамның жады, уақыт және шындық арасындағы күрделі байланыстарды зерттейтін туынды.

Көрермендер фильмді 20 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалай алады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақберен Елгезектің театр сахнасында қойылған «Болмаған балалық шақ» шығармасы да фильмге айналған болатын.