Шавкат Рахмонов Қайрат Боранбаев пен УЕФА президентіне қолғабын сыйлады
Жарияланды

Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов УЕФА президенті Александер Чеферинмен кездесіп, оған қолтаңбасы қойылған қолғап сыйлады.
Шавкат бұл сәтті өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, жазбаға:
«Kairat fc champion Алға Қазақстан» деп жазды.
Желіде жарияланған видеода «Қайрат» футбол клубының басшысы Қайрат Боранбаев та бой көрсетті. Спортшы оған да қолғабын тарту еткен.
Айта кетейік, жақында Алматыда футбол жанкүйерлерін тарихи ойын күтіп тұр. 30 қыркүйек күні «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы кездесу өтеді.