Тоқаев Бразилия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев Бразилия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады / фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Президент Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент жеделхатта Қазақстан мен Бразилия арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың жылдан жылға нығайып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ екі елдің тиімді ынтымақтастығы болашақта да жаңа деңгейге көтеріледі деген сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесіне жауапты қызметінде зор табыс тілеп, Бразилия халқына бақ-береке мен бейбіт өмір тіледі.

Еске сала кетейік, 8 қыркүйек күні Тоқаев тікелей эфирде Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Сондай-ақ оқыңыз