Заңсыз шығарылған активтерді қайтару комитетінің атауы өзгереді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Активтерді қайтару комитетінің атауы өзгереді/фото: shutterstock

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару комитетінің атауы өзгереді. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты.

Президенттің сөзінше, Бас прокуратураға қарайтын активтерді қайтару жөніндегі комитеттің атауын инвесторлардың құқығын қорғау комитеті деп өзгертетін уақыт жетті.

«Бас прокуратура заңсыз актив иелерімен жақсы жұмыс атқарды, қазынаға шамамен 850 миллиард теңге қайтарылды. Бұл қаражат 10 мектеп пен 4 спорт нысаны салуға, сондай-ақ 235 денсаулық сақтау нысанын және 177 су инфрақұрылымы нысанын салу мен жаңғыртуға бағытталды», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ оқыңыз