Ауыл шаруашылығы жері енді электронды конкурс арқылы беріледі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ауыл шаруашылығы жері жаңа форматта беріледі/фото: shutterstock

Ауыл шаруашылығы жері электронды конкурс арқылы берілуге тиіс. Мұндай тапсырманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында берді.

Президенттің сөзінше, жер иесіз қалмауға тиіс

«Жер – стартегиялық ресурс. Оның бар игілігі халықтың тұрмысын жақсартуға арналуы керек. Игерілмей бос жатқан, заңсыз алынған жерді қайтарып, оны қайта бөлу туралы тапсырма бердім. Жер иесіз қалмауға тиіс. Жерді тек қана оның қадірін білетін азаматтарға беру керек. 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 млн гектардан астам жер қайтарылды. Бірақ әкімдер соның 6 млн гектарын ғана жаңа жер иеленушілерге бөліп берген», – деді Тоқаев.

Сол себепті әкімдерге 2026 жылдың ортасына дейін бос жерді тұрақты айналымға енгізуді тапсырды. Бұл шара арқылы жайылым мәселесі де шешеді.

«Жер қатынастарына қатысты заңсыздық пен қағазбастылықты жою қажет. Сол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілін түбегейлі өзгерту керек. Осыған орай жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта, электронды конкурс арқылы қабылдануға тиіс», – деді президент.

Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға қандай өзгеріс енгізуге болатынын ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыз