Ұсталғаны туралы ақпарат тараған министр Нұртілеу көпшілік алдына шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
SMM бөлімінің редакторы
Нұртілеу көпшілік алдына шықты/фото: СІМ

Бұған дейін ұсталғаны туралы ақпарат тараған Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу көпшілік алдына шықты. Ол президент жолдауы басталмастан бұрын БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Министр желіде тараған ақпаратты «бұл да бір сынақ» деп бағалаған.

Нұртілеу өзі туралы ақпарат тараған кезде жұмыста болғанын айтты.

«Жиналыстарым болды. Басқа елдердегі әріптестеріммен телефон арқылы сөйлескенімді білесіздер. Инвесторлармен жұмыс кездесулері болды. Барлығы әдеттегідей», – деді министр.

БАҚ өкілдері сол жағдайдан кейін сотқа жүгіну туралы да нақтылады.

«Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан зайырлы мемлекет. Тиісті органдар бар, қажет болса, бұл іспен солар айналыссын. Мен елде болмауым да мүмкін. Жолдаудан кейін шетелге шығуды жоспарлап отырмын», – деді Нұртілеу.

Еске сала кетер болсақ, Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова СІМ Мұрат Нұртілеу, кәсіпкер Гаджи Гаджиев пен ҰҚК-нің бірқатар қызметкері ұсталғанын хабарлаған. Алайда Мәдениет және ақпарат министрі Аида БалаеваСІМ және ҰҚК ақпаратты дереу жоққа шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз