Елімізде 2027 жылы жалпыұлттық референдум өтуі мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Елімізде 2027 жылы референдум өтуі мүмкін/фото: kursiv.media

Елімізде 2027 жылы жалпыұлттық референдум өтуі мүмкін. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты.

«Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді. Бірден айтайын, бұл – өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет», – деді Тоқаев.

Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек. Содан кейін, яғни, 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді, деп толықтырды президент.

«Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз. Мен мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айттым. Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын», – деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, елде парламенттік реформа жүргізіп, бір палаталы парламент құрылады.

Сондай-ақ оқыңыз