Ресейліктер АҚШ-қа виза алуға өтінішті Астана не Варшавада ғана бере алады

Жарияланды 8 Қыркүйек 2025 10:25

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
виза в США
АҚШ туристік виза алуды қатаңдатты/фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

АҚШ 17 елдің азаматтары үшін виза алу ережелерін қатаңдатты. Бұл иммиграциялық емес визаға қатысты болып отыр. Жаңа ережелерге сәйкес, Ресей азаматтары виза алу үшін Астанаға немесе Варшаваға баруға тиіс. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті жариялаған хабарламада айтылған.

АҚШ-тың иммиграциялық емес визаларына (NIV) өтініш берушілер өз елінде немесе тұратын жеріндегі АҚШ елшілігіне немесе консулдығына сұхбатқа жазылуы керек. Ал виза берудің стандартты процедурасы жүргізілмейтін елдердің азаматтары басқа елде тұрмаса, тиісті елшілікке немесе консулдыққа жүгінуге тиіс.

NIV (Non-Immigrant Visa) алуға өтініш берілетін жерлер

АҚШ 2021 жылдан бастап Ресейде виза қызметін тоқтатты. Ресей азаматтары үшін виза алуда ең танымал елдер Қазақстан (Алматы, Астана), Армения (Ереван), Сербия (Белград), Қырғызстан (Бішкек), Индонезия (Джакарта), БАӘ (Дубай, Абу-Даби) болды. АҚШ-қа туристік виза алу үшін DS-160 анкетасын толтырып, төлем жасап, АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында сұхбатқа жазылуы қажет.

Сондай-ақ оқыңыз