Қазақстан үш жылда цифрлық ел болуы керек – Тоқаев

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан үш жылда цифрлық мемлекетке айналуға тиіс/фото: Ақорда

Қазақстан үш жылда цифрлық ел болуы керек. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты.

«Цифрлық кодексті қабылдауды жеделдету қажет. Аталған заң жасанды интеллекті, платформалық экономиканы, үлкен деректерді пайдалану мен басқа да аспектілерді қамти отырып, цифрландырудың негізгі бағыттарын айқындауға тиіс және жаңа технологиялық құрылымның бір бөлігіне айналуы керек. Мемлекеттік басқару жүйесінің бүкіл құрылымын қайта құрып, оның ашықтығын, тиімділігін және адамға бағытталуын бірнеше есе арттыру талап етіледі», – деді Тоқаев.

Сол себепті елде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады

Сондай-ақ оқыңыз