Трамп Тоқаевқа сәлем айтып, Қазақстанға келуі мүмкін екенін жеткізді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Трамп - привет Токаеву
Трамп Тоқаевқа сәлем айтты/фото: Shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты «жақсы адам» деп атап, Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Трамп Ақ үй маңында журналистердің сұрағына жауап берген кезде айтқан.

24.kz тілшісі Трамптан «Қазақстан туралы не ойлайсыз және Орталық Азиядағы осы елге бару жоспарыңыз бар ма?» деп сұраған.

«Баруым әбден мүмкін. Олармен әңгімеміз мазмұнды болды. Сәлем айтыңыз. Президентіңіз өте жақсы адам», – деп жауап берген Трамп.

Бұған дейін Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан импортталатын тауарға 25% баж салығын енгізетінін ескерткен.

10 шілдеде Тоқаев Трамптың кедендік баж салығына қатысты хатына жауап жазды. Оның алдында Астана Трамптың салық саясатының Қазақстан экспортының 95%-на еш әсер етпейтінін мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз