Жаңалықтар

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы – тікелей трансляция

Президент жолдауын жариялап жатыр/фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын арнады. Жолдауда экономика, логистика және өзге де өзекті мәселелер қозғалып, Жасанды интеллект көмегімен өзгерістер енгізу сөз болды. Бұған қоса, маңызды саяси реформа жасалатын болды.

Жолдауда не айтылды?

Президент бір палаталы Парламент құру туралы ұсыныс жасады. Осыған байланысты елде 2027 жылы референдум болуы тиіс.

Сондай-ақ ол өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен металлургия кешенін дамытуға басымдық берілетінін мәлімдеді. Алдағы үш жылда кемінде үш жоғары технологиялық кәсіпорын іске қосылуы тиіс.

Еліміздегі екі миллионнан астам шағын бизнес субъектісінің ішінде өнім өндіретін кәсіпкерлер саны алты пайызға да жетпейді. Бұған себеп бір-біріне қарама-қайшы заңдар екенін айтты.

Тоқаев мемлекетке масыл болып, әлеуметтік көмек алып отырған азаматтар туралы айтты. Әсіресе, КСРО ардагері ретінде берілетін көмек алатындардың жыл сайын «жасарып» жатқанын айта кеткен.

Тоқаев білікті мамандарды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізуді тапсырды. Кадр тапшылығын жою үшін көші-қон саясатын да қайта қараған жөн.

Президент Үкімет пен әкімдердің әрекетсіздігінен елдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы құлдырап кеткенін айтты

Ол цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін тезірек қалыптастыру керек екенін назар аударды.

Елде мемлекеттік ұйымдар мен компаниялар негізсіз көбейіп кеткенінен айтты. Бұл кәсіпорындардың толыққанды дамуына мүмкіндік бермей отыр.

Тоқаев ұлттық азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігіне ерекше назар аударды. Бұл мақсатқа жету үшін аграрлық экспорт жоспарын қайта қаралып, логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар, сондай-ақ сауатты маркетингтік стратегия ескерілуі керек.

Қазақстан осы жылы алғаш рет Вьетнамға бидай жеткізді. Енді Ауғанстан, Пәкістан нарығына жеткізуді ойлап отыр.

Президент жолдауы барысында жүк тасымалындағы рәсімдерді цифрландыру жолымен жеңілдету мәселесіне назар аударып, Смарт-карго бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосуды тапсырды.

Әкімдерге 2026 жылдың ортасына дейін ауыл шаруашылығына қажетті бос жерді тұрақты айналымға енгізу тапсырылды. Бұл шара арқылы жайылым мәселесі де шешілмек.

Президент инвестиция тартуды күшейту қажет екенін айтып, арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ ол екінші және үшінші АЭС құрылысын жоспарлауды бастау керегін атап өтті.

10 күнде Алатау қаласына арнайы статус беріліп, тікелей үкіметке бағынатын болады.

Тоқаевтың айтуынша, банктер тек халыққа несие берумен ғана айналыспай, экономикаға қаржы салуы керек. Бұған қоса, Банктер туралы заң қабылдану керек екенін атап өтті.

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару комитетінің атауы өзгереді. Президент сөзінше, прокуратура елге 850 млрд теңге қайтарған.

Президент БҰҰ-ның жұмысы туралы сөз қозғап, әлемдік геосаяси жағдайға байланысты пікір білдірді. Бұған қоса, ұйымға реформалар енгізу туралы Қазақстан атынан ұсыныс білдіретінін айтты. Және Қазақстандағы саяси жүйедегі оң өзгерістерге тоқталып өтті.

Елде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады

Қазақстан үш жылда цифрлық ел болуы керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Жолдауды Jibek Joly TV YouTube каналынан, 24 kz телеарнасынан, Qazaqstan ұлттық арнасының тікелей эфирінен көруге болады.

Мәтін түріндегі нұсқасын KursivMedia сайтынан оқи аласыздар.

Айта кетейік, президент Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып жатыр.