Бурабайда алғашқы геймификацияланған «БӨЛЕКТАУ» экожолы ашылды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Бурабайда алғашқы геймификацияланған «БӨЛЕКТАУ» экожолы ашылды
Бурабайда алғашқы геймификацияланған «БӨЛЕКТАУ» экожолы ашылды / фото: Туризм индустриясы комитеті

Бурабай ұлттық паркінің аумағында елдегі алғашқы геймификацияланған экологиялық «БӨЛЕКТАУ» жолы ресми түрде ашылды.

Жоба Home Credit Bank-тің бас демеушілігімен, Бурабай ұлттық паркі, Ақмола облысы әкімдігі, Сенаттың жобалық кеңсесі және Орталық Азияның Тұрақты Даму Қоры Creative Innovation Institute серіктестігіннің арқасында жүзеге асырылған.

«Экожол – тұрақты туризм, цифрлық технологиялар мен білім беру элементтерін тиімді ұштастырған бірегей үлгіге айналды. Бағыт бойында ақпараттық стендтер, квест тапсырмалары, көптілді аудиогидке қол жеткізуге мүмкіндік беретін QR-кодтар және 11 жасар оқушының идеясы негізінде әзірленген интерактивті Telegram-бот орнатылған», делінген Туризм индустриясы комитетінің ақпаратында.

Жобаның бас серіктесі экожолды салудан бастап, оны цифрлық және білім беру құралдарымен толықтыруға дейінгі барлық кезеңде қолдау көрсеткен.

«БӨЛЕКТАУ» экожолының ашылуы – Қазақстанда тұрақты туризм мен экологиялық ағартуды дамыту жолындағы маңызды қадам саналады. Жоба табиғи мұраны насихаттауға, жастарды тартуға және экологиялық жауапкершілік ұстанымдарын алға жылжытуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз