Синоптиктер алдағы күндері бұршақ жауып, қатты жел тұратын өңірлерді атады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Синоптиктер алдағы күндері бұршақ жауып, қатты жел тұратын өңірлерді атады
Синоптиктер алдағы күндері бұршақ жауып, қатты жел тұратын өңірлерді атады / фото: shutterstock

Қазгидромет 09-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінің ауа райын батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды.

Жекелеген өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болжанып отырған өңірлер:

  • 9-10 қыркүйекте солтүстікте, солтүстік-батыста,
  • 9 және 11 қыркүйекте шығыста,
  • 10-11 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысы мен орталығында.

Республиканың көптеген аумағында жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта – тұман түседі деп күтіледі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін.

Температуралық фон бойынша төмендеу болжанады:

  • Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +18…+25°С;
  • Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, топырақ бетінде 2°С үсік, күндіз +8…+16°С, аймақтың оңтүстігінде +23°С дейін;
  • Солтүстікте түнде +5…+10°С, күндіз +9…+15°С;
  • Орталықта түнде +5…+13°С, күндіз +13…+21°С;
  • Шығыста түнде +3…+11°С, күндіз +10…+20°С;
  • Оңтүстікте түнде +10…+20°С, күндіз +23…+33°С.

Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.

Бұған дейін, «Қазгидромет»қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжаған.

Сондай-ақ оқыңыз