Тоқаев: Екінші және үшінші АЭС құрылысын жоспарлауды бастау керек

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Тоқаев: Екінші және үшінші АЭС құрылысын жоспарлауды бастау керек / фото: shutterstock

Президент дәстүрлі жолдауы барысында елдің энергетикалық қауіпсіздігі мәселесіне тоқталды.

Мемлекет басшысы ел қуат көздерін өзгертуді мақсат тұтпайтынын, мұны ұлттық мүдде мен мүмкіндікке сай келетін тұрақты даму жолы екенін атап өтті.

Ол алдағы уақытта қуаты 6,3 гВт болатын жасыл энергия нысандары іске қосылатынын жеткізді.

Сондай-ақ атом энергетикасына ерекше мән берілетінін атап өтіп, бір ай бұрын Алматы облысында басталған алғашқы АЭС құрылысы жеткіліксіз екенін айтты. Екінші және үшінші АЭС құрылысын жоспарлауды бастау керегіне назар аударды.

«Жақында Қытай төрағасымен атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Қазақстан өзінің энергетикалық егемендігін қамтамасыз ету жолында барлық әлемдік компаниялармен өзара тиімді серіктестік жасауға дайын», – деді ол.

Қ.Тоқаев сондай-ақ көмірдің мол қорын ескере отырып, оның таза өндірісін дамыту керегін айтып, оны елдің даму жолында ақылды қолдануға мән беру қажеттігін атап өтті.

KursivMedia президент жолдауынан тікелей трансляция жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз