Қазақстанда жаңа министрлік құрылады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қазақстанда жаңа министрлік құрылады / фото: shutterstock

Елде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Бұл туралы Президент Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауы барысында мәлім етті.

Президент жасанды интеллектінің дамуы қазірдің өзінде жастар мен қоғамның мінез-құлқына әсер етіп жатқанын жеткізді.

«Мен алдымызға өте маңызды стратегиялық міндет қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Алдымен цирфлық кодексті қабылдауды тездетуіміз керек. Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын», – деді ол.

Президент жаңа министрлікті премьер-министрдің орынбасары деңгейінде тұлға басқаруы керектігін атап өтті.

Қазіргі уақытты президенттің дәстүрлі жолдауы өтіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз