Қазанда смарт-карго іске қосылады

Президент жолдауы барысында жүк тасымалындағы рәсімдерді цифрландыру жолымен жеңілдету мәселесіне назар аударды.
Ол шекарада әлі де сапалы интернет жоқтығы, рәсімдеуді қағазбен жүргізу сияқты мәселелер барын жеткізіп, жасанды интеллектіні қолдана отырып, тасымалды басқарудың кешенді цифрлық платформасын енгізу қажеттігін айтты.
«Бұл жұмысты тездетіп аяқтау қажет. Қазан айының соңына дейін кеден және логистика қызметін көрсететін Смарт-карго бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосқан жөн. Бұл жүйе инфрақұрылымды жеке компанияларға автоматты түрде бірдей қолжетімді етеді. Шекарадағы өткізу бекеттері жаңғыртылып жатыр. Биыл 8 бекет толығымен іске қосылады, Алдағы үш жылда тағы 34 бекет жаңарады», – деді ол.
KursivMedia президент жолдауынан тікелей трансляция жүргізіп жатыр.