Қазақстан мен Сингапур қылмыстық істерде өзара құқықтық көмек көрсетуге келісті

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қазақстан мен Сингапур қылмыстық істерде өзара құқықтық көмек көрсетуге келісті
Қазақстан мен Сингапур қылмыстық істерде өзара құқықтық көмек көрсетуге келісті / фото: Бас прокуратура

Қазақстанның Бас Прокуроры Б.Асылов пен Сингапур Әділет министрі Э.Тонг Қазақстан мен Сингапур арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге қол қойды. Бұл Сингапурде өткен Прокурорлардың халықаралық ассоциациясының 30-шы конференциясының аясында жүзеге асқан.

Бас прокуратураның мәліметінше, аталған келісім қылмысқа қарсы күреске, соның ішінде күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинауға, сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға бағытталған.

Берік Асылов әлемдік қаржы орталығының алдыңғы қатарындағы және жаһандық сауда-инвестициялық ағындардың негізгі торабы болып саналатын Сингапурмен мұндай келісімнің жасалуы Қазақстан үшін өте маңызды екенін атап өткен.

Конференцияға 70-тен астам елдің жоғарғы қадағалау органдарының басшылары қатысқан. Іс-шара барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, цифрлық дәлелдемелерді пайдалану, активтерді қайтару, сондай-ақ қылмыстың жаңа түрлеріне және қауіп-қатерлеріне тиімді әрекет ету мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Бұған дейін, Бас прокурор елде азаптау фактілері үш есеге қысқарғанын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз