ТЖМ тауда қайғылы жағдайлар жиілеуіне байланысты жаңа қағиданы бекітті

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
ТЖМ тауда қайғылы жағдайлар жиілеуіне байланысты жаңа қағиданы бекітті
ТЖМ тауда қайғылы жағдайлар жиілеуіне байланысты жаңа қағиданы бекітті / фото: shutterstock

Төтенше жағдайлар министрлігі өмір үшін қауіп-қатері жоғары, жету қиын жерлерге баратындар үшін маршрут туралы хабарлау қағидалары бекітілгенін хабарлады.

Министрлік мәліметінше, жаңа қағида қиын жерлер, сулы, таулы және спелеологиялық объектілер бойынша жүру маршруттары туралы хабарлау тәртібін айқындайды.

Туристер өзінің бағыты туралы аумақтық органды төмендегідей тәсілдердің бірі арқылы құлақтар ете алады:

  • «eQonaq» ақпараттық жүйесінде және оның мобильді қосымшасы;
  • аумақтық органның ресми сайтында көрсетілген аумақтық органының электрондық поштасы;
  • 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет телефоны бойынша.

Хабарламада жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және байланыс деректері туралы мәлімет болуға тиіс.

Топтық саяхат кезінде аумақтық органға топ мүшелерінің бірі хабарласып, топ мүшелерінің санын және олардың байланыс деректерді, қозғалыс бағыты (бағыттың басталу және аяқталу орны, бағыттың ұзақтығы, болжамды қону және демалу орындары) туралы ақпаратты көрсетуі керек.

Бұған дейін, ТЖМ тауға шығу барысында қайғылы оқиғалардың жиілеуіне байланысты туристерге арналған нұсқаулық жариялаған.

Оның алдында Алматының маңындағы Молодёжный шыңына кетіп, байланыс үзілген 20 жастағы Алан қаза тапқаны хабарланған. Жас жігіттің денесі өзі бет алған шыңның маңынан табылған.

Сондай-ақ оқыңыз