Ыстамбұлдағы наразылық тәртіпсіздікке ұласты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
В Стамбуле массовые протесты переросли в беспорядки
Ыстамбұлдағы наразылық тәртіпсіздікке ұласты / фото: Reuters

Ыстанбұлда оппозициялық Республикалық халық партиясының жақтастары соттың жергілікті бөлімшенің басшылығын уақытша қызметінен шеттету және уақытша кеңес тағайындау туралы шешіміне қарсы наразылыққа шықты. Бұл туралы Hurriyet басылымы хабарлады.

Наразы азаматтар сондай-ақ биліктің митинг пен жиналыс өткізуіне салған тыйымына наразы.

Жастар партияның шеттетілген ыстамбұлдық жетекшісі Өзгүр Челикті қолдау үшін сағат 23:00-де партия кеңсесінің алдына жиналуға шақырған.

Ал сот мұндай шешімді партия съезінде болған заңбұзушылықтарға байланысты қабылдаған. Ол пайдакүнемдікке қатысы бар және сайлауға ықпал етуге тырысты деп айыпталған.

Наразылықтарға байланысты Ыстамбұл билігі кейбір аудандарда үш күнге акция өткізуге тыйым салды, ал полиция РХП ғимаратына кірер жолды жапқан. Соған қарамастан, наразылыққа шыққандар партия кеңсесі алдына жиналып жатыр, полициямен қақтығыстар туралы хабарланды.

Түркияның әділет министрі Йылмаз Тунч прокуратура наразылық мен әлеуметтік желідегі арандатушылық жазбалар бойынша тергеу бастағанын хабарлады. Ол партияның апелляциялары қабылданбағанын айтып, шиеленісті болдырмау үшін сот шешімдерін құрметтеуге шақырған. Тунч РХП басшылығы қоғам тыныштығы үшін мәлімдемелеріне жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін айтып жатыр.

Бұған дейін, Түркияда оппозицияға қысым күшейіп, Ыстанбұлда жаппай наразылықтар өтіп жатқанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз