Қазақстанда цифлық активтер экожүйесі құрылмақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Цифрлық активтер экожүйесі құрылмақ / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін тезірек қалыптастыру керек екеніне назар аударды.

«Цифрлық теңгенің енгізілуі бұл жұмысқа септігін тигізіп жатыр. Қазіргі таңда жобаларды Ұлттық қор есебінен қаржыландыру кезінде цифрлық теңгені қолданып жүрміз. Енді оның қолдану аясын одан әрі кеңейту қажет. Цифрлық теңгені республикалық және жергілікті бюджетте, мемлекеттік холдингтердің бюджетінде пайдалануға болады», – деді ол.

Президенттің пайымдауынша, қазіргі заманның талабын ескере отырып, криптоактивтерге баса назар аудару керек. Осы орайда Тоқаев Ұлттық банктің инвестициялық корпорациясы негізінде Цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құруды тапсырды. Бұл құрылымда жаңа цифрлық қаржы жүйесіндегі болашағы зор активтерден құралған стратегиялық крипторезерв жинақталады.

«Жаппай цифрландырудың, соның ішінде банк саласын цифрландыру ісінің пайдасы көп екені сөзсіз. Бірақ, оның қауіп-қатері де аз емес. Соңғы жылдары онлайн-алаяқтық мемлекеттің және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне үлкен нұқсан келтіріп жатыр. Сондықтан, кибер-қылмыспен күресу үшін антифрод орталығы құрылды. Биометриялық анықтау жүйесі енгізілді. Банктердің, микро-қаржы ұйымдары мен байланыс операторларының жауапкершілігі күшейді. Дегенмен, бұл мәселеге үнемі жіті назар аудару қажет. Құзырлы органдардың жұмысын ұдайы жетілдіріп отырған жөн», – деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар заңсыз шығарылған активтерді қайтару комитетінің атауы өзгереді.

Сондай-ақ оқыңыз