Тимур Құлыбаев мұнай компаниясын неге сатып жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Құлыбаев
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор

Forbes тізіміне кіретін миллиардер Тимур Құлыбаев негізі мұнай активі – «Каспий-Нефть» компаниясын сатпақ. Компанияға қатысты жасалатын ірі мәміле туралы хабарлама Қазақстан қор биржасы сайтында жарияланған. Құжатқа сәйкес, шешім 28 тамызда қабылданған.

Компанияның хабарлауынша, «Каспий Нефтьке» қатысты ірі мәміле мен мүдделі тараптар арасындағы келісім жасалып жатыр.

Мәміле компания құнының кемінде 10%-ына тең активтердің сатып алынуы немесе сатылуына байланысты. Сонымен қатар келісім 25%-дан астам көлемдегі қарыз алу нұсқасын да қамтуы мүмкін.

5 тамызда «Каспий нефтьтің» жалғыз акционері – Joint Resources компаниясы (оның иесі Тимур Құлыбаев) компанияның өзіне қатысты мәмілені мақұлдаған. Келісімнің мерзімі 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін белгіленген.

Бұл жағдай сарапшылар арасында пікірталас тудырды. Журналист Олег Червинский мәміле міндетті түрде сатуды білдірмейтінін, мүмкін компания ауқымды қарыз алуы ықтимал екенін айтады. Ал сарапшы Нұрлан Жұмағұлов, керісінше, мәміленің шетелдік инвесторға сатумен байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, сатып алушы — Қазақстанда бұрыннан жұмыс істеп жүрген батыс инвесторы. Келісім жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

«Каспий Нефть» жылына шамамен 1 млн тонна мұнай өндіреді. Салық түсімдері бойынша ол елдегі ең тиімді компаниялардың бірі саналады, бұл көрсеткіште тек «Теңізшевройл» мен «ҚарашығанақПетролиум Оперейтингке» ғана жол береді.

Алайда қазіргі уақытта негізгі өндіріс орны – Атырау облысындағы Жылыой ауданындағы Айранкөл кен орнында мұнай өндіру төмендеген. Осыған байланысты компания жаңа учаскелерден мұнай іздеуге кіріскен. 2025 жылы тереңдігі екі шақырымнан асатын барлау ұңғымасын бұрғылау жоспарланған.

2024 жылдың қорытындысы бойынша «Каспий Нефтьтің» таза пайдасы 33,5 млрд теңгеге жеткен.

«Каспий нефтьтің» жалғыз акционері – Joint Resources компаниясы, компанияның түпті оның иесі – белгілі кәсіпкер Тимур Құлыбаев. Forbes мәліметінше, ол 2025 жылы әлемдік миллиардерлер тізімінде 658-орында тұр, байлығы 5,8 млрд доллар деп бағаланған.

Сондай-ақ оқыңыз