Футбол клубтарын жекешелендіруді жалғастыру қажет – Тоқаев

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Футбол клубтарын жекешелендіруді жалғастыру қажет – Тоқаев / архив: kursiv.media

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында Қазақстандағы футболды дамыту үшін оны жекешелендіру үдерісін жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Президенттің айтуынша, бүгінде елімізде төрт футбол клубы жекешелендірілген. Бұл клубтар жаңа басқару үлгісінің арқасында жақсы табыс әкеліп отыр.

Тоқаевтың пікірінше, спорттағы мұндай қадамдар футболдың сапасын арттыруға, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жанкүйерлердің қызығушылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы футболды әрі қарай да кәсібилендіру, жеке инвестиция тарту және клубтарды табысты басқару жүйесіне көшіру Қазақстан спортының дамуына серпін беретінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз