Қайрат Боранбаев қазақстандық футболдың жекешелендірілуіне қатысты пікір білдірді

«Қайрат» футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы футболды дамыту үшін клубтарды жекешелендіру үдерісін жалғастыру қажет деген ұсынысына қолдау білдірді.
Біз бұл бастаманы қолдаймыз. Футбол бүгінде бизнеске айналды. Мұны өз тәжірибемізде көріп отырмыз. Әрине, шығындар бар, инфрақұрылым қажет, бұның барлығына уақыт керек, – деді Боранбаев.
Қайрат Боранбаев 2012 жылы «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Сол кезеңнен бастап клубтың дамуына жаңа серпін берілді. Кәсіпкер «сары-қаралардың» спорттық инфрақұрылымын жетілдіріп қана қоймай, клуб мәдениетін жаңғыртып, халықаралық аренада танылуына ықпал етті.
Боранбаевтың бастамалары арқасында «Қайрат» клубы еліміздегі футболды жаңа деңгейге шығарды. Оның ішкі жетістіктері Қазақстанның халықаралық спорт имиджіне де оң әсер етті.
Биыл «Қайрат» футбол клубы тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алып, ел футболындағы жаңа белесті бағындырды.