Қазақстан құрамасы Бельгиядан ірі есеппен ұтылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан – Бельгия: Ұлттық құрама ойсырай жеңілді / фото: KFF

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы Бельгияға қарсы матчта ойсырай жеңілді. Брюссельде өткен кездесу 5:0 есебімен аяқталды.

Алғашқы таймда қазақстандықтар қорғаныста табандылық танытқанымен, 42-минутта Кевин де Брюйне есепті ашты. Араға бір минут уақыт салмай Жереми Доку айып алаңындағы сәтті шабуылдың нәтижесінде есепті еселеп, бельгиялықтар 2:0 есебімен алға шықты.

Екінші тайм басталған соң алаң иелері қысымды күшейтті. 51-минутта Николас Раскин үшінші голды соғып, Қазақстанның жағдайын қиындатты. 60-минутта Доку дубль жасап, есепті 4:0-ге жеткізді. Ал матчтың соңына қарай Бельгия тағы да шабуылдарын үдете түсіп, 84-минутта бесінші голын соғып, кездесуді түйіндеді.

Сондай-ақ оқыңыз