Қазақстан жастар құрамасы бүгін Англияға қарсы ойнайды
Жарияланды

Бүгін, 8 қыркүйек күні футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U21) 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті кездесуін өткізеді. Жерлестеріміз Ақтөбенің «Қобыланды батыр» стадионында Англия жастар құрамасын қабылдайды.
Ойын сағат 20:00-де басталады. Кездесуді қазақстандық жанкүйерлерге Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, кеше 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Бельгияға 6-0 есебімен жеңілген еді.