КСРО ыдырағанына 35 жыл болса да, ардагерлер барған сайын «жасарып» барады – Тоқаев

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Үкімет әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру арқылы 290 млрд теңгені үнемдемек
Тоқаев орынсыз әлеуметтік көмек алатындар туралы айтты / Фото: kursiv.media

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке масыл болып, әлеуметтік көмек алып отырған азаматтар туралы айтты. Әсіресе, КСРО ардагері ретінде берілетін көмек алатындардың жыл сайын «жасарып» жатқанын айта кеткен.

«Мемлекеттің көз алдындағыдан басқаны көрмей, бәріне көне беретін әлеуметтік саясаты жүзден астам түрлі жеңілдіктің пайда болуына әкеп соқтырды. Осы жеңілдіктерді әперемін деп «көмек қолын» созатын жылпостар да көбейді. Біз әлі күнге дейін бұрынғы КСРО аумағындағы және одан тыс басқа да аймақтардағы қақтығыстарға қатысқан азаматтарға арнайы төлемдер жасап, медициналық қызмет көрсетіп келеміз. КСРО-ның ыдырағанына 35 жыл болса да, ардагерлеріміз барған сайын «жасарып», көбейіп барады», – деді президент.

Дегенмен, Тоқаев мемлекеттің өз міндеттерін орындаудан бас тартпайтынын айтты. Алайда түрлі әлеуметтік жеңілдіктерді қолдан көбейтудің нәтижесінде елді дамытуға кедергі келіп жатқанын айтты. Салдарынан мектеп пен аурухана, көлік инфрақұрылымын дамытуға қажетті ақша джелге ұшып жатыр.

Ажырасқандар саны күрт артты

Президент тіпті әлеуметтік көмек берудің теріс тұстары бар екенін айтты. Соның бірі – толық емес отбасыларға берілетін көмек.

«Кезінде біздегі «әлеуметтік саланың жанашырлары» толық емес отбасы деген жеңілдікке мұқтаж адамдар санатын ойлап тапқан еді. Соның салдарынан, ажырасқан отбасылар саны күрт өсіп, біз бір кезде бұл көрсеткіш бойынша әлемде «көш бастаған» елдердің қатарына қосылдық. Мұндай мысалдар аз емес. Осылайша, біз өзіміз жалқаулық пен масылдыққа жол беріп отырмыз. Отбасы мүшелерінің барлығы дерлік нысаналы әлеуметтік көмек пен жәрдемақы алатын болса, жұмыс істеудің не қажеті бар? Басқаша айтсақ, әлеуметтік салада оңтайлы шешім қабылдаудың орнына, Үкімет кемінде 15 жыл бойы әлеуметтік масылдық пен әлеуметтік алаяқтыққа жол беріп келді», – деді президент.

Сондай-ақ оқыңыз