Бір палаталы Парламент құратын уақыт жетті – Бақытжан Базарбек
Жарияланды

Елде екі жылдан соң бір Палаталы Парламент құрылады. Депутат Бақытжан Базарбек мұндай реформаның уақыты келгенін айтты.
«Елде саяси реформа жасайтын уақыт келді.. Мұндай саяси реформалардың мақсаты – мемлекет аппараты қызметінің тиімділігін арттыру. Президент шешім қабылдады. Мен бұл реформаны қолдаймын. Баяғыдан бері көтеріп те жүрмін. Қазір бірдеңе айту ерте. 2027 жылға дейін әлі талай уақыт бар. Алдағы уақытта көп нәрсе өзгеруі мүмкін», – деді депутат.
Еске сала кетсек, бүгін, 8 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде парламенттік реформа жүргзілетінін айтты. Президент шешіміне сәйкес 2027 жылы бір палаталы Парламент құру жөнінде референдум өткізіледі.