Иерусалимде лаңкестік шабуыл: екі адам автобус жолаушыларына оқ жаудырған

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Иерусалимде лаңкестік шабуыл болды / Фото: REUTERS/Ammar Awad

Израильдің Иерусалим қаласына кіреберісте бейбіт тұрғындарға қарсы лаңкестік шабуыл жасалды. Салдарынан 6 адам қаза тапқан. Бұл туралы Euronews басылымы хабарлады.

Басылым хабарлауынша, 4 адам оқиға орнында, екі адам ауруханада көз жұмған. 11 адамның жарақат алғаны, кейбірінің жағдайы мүшкіл екені айтылады.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екі белгісіз адам автобусқа отырып, жолаушыларға қарсы оқ жаудырған. Лаңкестер қолдан жасалған қару пайдаланған. Израиль әскерилері екі шабулыдаушының өлтірілгенін хабарлаған.

Израиль билігі бұл лаңкесіткке қатысы бар адамдарды ұстау үшін қалаға кіретін жолдарда орналасқан өткізу бекеттерінде тексеріс бастаған. Оқиға орнына елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху келген.

Бұл террорлық әрекетті қандай ұйымның жасағаны әлі айтылмады. Ешбір ұйым бұл лаңкестікті өз мойнына алмаған. Ал ХАМАС ұйымы, бұл әрекеттен кейін мәлімдеме жасап, «басқыншылардың Газа халқына қарсы жүргізіп жатқан соғысына жауап ретінде қаһармандықпен жүргізілген операция» деп баға берген. Бірақ лаңкестікке өздерінің қатысы бар-жоғын айтпаған.

Сондай-ақ оқыңыз