ЕуроОдақтың санкциялық тізіміне Қазақстан да кіруі мүмкін – Bloomberg

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
санкция
ЕуроОдақ алғаш рет Қазақстанға санкция салуы мүмкін / Фото: kursiv.media архив

ЕуроОдақтың 19 санкциялық пакетіне Қазақстан да енуі мүкмін. Бұл туралы өзінің дереккөзіне сілтеме жасап, Bloomberg басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, ЕО-ның осы жолғы санциялары Ресейдің төлем және несие карталары жүйелеріне, криптовалюта биржаларына бағытталуы мүмкін. Бұдан бөлек мұнай саудасына қатысты қосымша шектеулер енгізу көзделген. Бұл санкциялар пакетіне қатысты ЕуроОдақ өкілдерінің Америкадағы әріптестерімен кеңесу үшін Вашингтонға баратыны айтылған.

Сонымен бірге ЕуроОдақ «санкцияны айналып өтуге» тосқауыл болатын шараларды енгізбек. Мұнда таяқтың бір ұшы тікелей Ресеймен шекаралас жатқан Қазақстанға тиюі мүмкін.

Дереккөздің мәліметінше, Қазақстан арқылы Ресейге кіріп жатқан бірқатар жабдық түрлері ЕО-ның назарын аударған. Сол үшін Батыс елдері Қазақстаннан Ресейге импортталатын кейбір тауарларға тыйым салуды көздеп отыр. Десе де, мұндай санкциялық шектеулер енгізбес бұрын ЕО-ның нақты дәлелдерге сүйене отырып шешім шығаратыны айтылады.

Айта кетейік, осыған дейін Сауда министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның Еуроодақпен де, АҚШ-пен де диалог орнатып отырғанын, елдің санкцияларды айналып өтетін схема қолданбайтынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз