Биліктің әрекетсіздігінен елдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мүшкіл жағдайда

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев елдің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мүшкіл жағдайға жеткенін айтты / Фото: kursiv.media архив

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдердің әрекетсіздігінен елдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы құлдырап кеткенін айтты. Бұл туралы президент Қазақстан халқына жолдауында атап өтті.

«Үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің әрекетсіздігі салдарынан еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ондаған жыл бойы қараусыз қалып, оның жай-күйі өте мүшкіл жағдайға жетті. Қазір бұл ахуалды өзгертіп, инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Соның ішінде тарифтерді ырықтандыру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын басқарудың жаңа моделін қалыптастыру сияқты шаралар бар», – деді президент.

Тоқаев тарифтер өскен сайын халыққа сенімді әрі сапалы қызмет көрсетілуі қажет екенін айтып, өңірлерде саланы «Ақылды қала» құру тұжырымдамасы негізінде дамыту мәселесін ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз