Тоқаев: БҰҰ – қазіргі мәселелерді шешуге қауқарсыз

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі жолдауында Тоқаев БҰҰ қызметін сынға алды. Ол әлемде шиеленіс ушыға түскенін атап өтіп, халықаралық ұйым оны шешуге қауқарсыз деген пікірін білдірді.

«Кейбір мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатында әсіре ұлштылдық күшейді. Әлем экономикасынла теңсіздіктер мен қайшылықтар ушыға түсті. Кейбір мемлекеттер экономикалық дамуда артта қалып, ал кейбір елдер ЖИ саласында теңдессіз табысқа жетуде. Халықаралықтың татулықтың мән-маңызы кете бастады. Ал БҰҰ өзінің рөлі мен мәртебесіне сай қазіргі түйткілдерді шешуге қауқарсыз болды. Батыстағы этонос аралық дінаралық үйлесім мен мәдени әр алуандық дағдарысқа ұшырады», – деді ол.

Сөзінде президент, әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныққанын да атап өтті.

«Әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныға бастады. Қазақстан әлем қауымдастығының мүшесі ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр болса да, жаппай цифрландыру, жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық», – деп түсіндірді ол.

Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін БҰҰ-да лауазымды қызметте істеген еді. 2011–2013 жылдары Женевадағы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры қызметін атқарды. Сонымен бірге Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы болды.

Сондай-ақ оқыңыз