
«Келешек» бағдарламасы аясында 6762 баланың есепшотына жалпы көлемі 1,6 млрд теңге аударылды. Шамамен әр баланың шотына 235 мың теңгеден түсті. Бұл туралы Отбасы банкі хабарлайды.
Бұл – осы жылдың бірінші жартыжылдығында бес жасқа толған балалардың есепшотына аударылған қаражат. 2025 жылдың екінші жартыжылдығында аударылған қаржы келесі жылдың ақпанында түседі.
Бағдарламаға қатысу үшін ата-аналар балалары кәмелеттік жасқа толғанша немесе оқу орнына түскенге дейін «AQYL» депозитіне жыл сайын жарна аударуы қажет. Жылына ең төменгі қаржы 94 368 теңге немесе 24 АЕК.
Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балалар үшін – 12 АЕК немесе 2025 жылы 47 184 теңге.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін ашылған «AQYL» депозитіне жыл сайынғы міндетті жарна төлеудің қажеті жоқ.
Бағдарлама туралы толығырақ мына жерден білуге болады.