Қазақстан алғаш рет Вьетнамға бидай жеткізді

Қазақстан осы жылы алғаш рет Вьетнамға бидай жеткізді. Енді Ауғанстан, Пәкістан нарығына жеткізуді ойлап отыр. Бұл жайлы Тоқаев бүгінгі жолдауында айтты
«Біз таяуда Вьетнамға Қытайдың Ляньюньган порты арқылы бидайдың алғашқы легін жөнелттік. Ауғанстанда Пәкістан нарығына шығуға мүмкіндік беретін «Тургунди – Герат» темір жолын салу жоспарда бар. Алайда, жаңа көлік бағыттарына және жаңа нарықтарға жол ашатын мүмкіндіктер мұнымен шектелмейді. Алда атқарар шаруа көп», – деді ол.
Одан бөлек ұзындығы 836 шақырым болатын «Достық – Мойынты» темір жолының екінші желісі іске қосылғанын да хабарлады.
» Жобаны өз күшімізбен өте қысқа мерзім ішінде жүзеге асырдық. Бұл жолдың мән-маңызы ерекше, себебі «Шығыс-Батыс» бағытының жүк өткізу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Үкімет «Бақты-Аягөз», «Қызылжар-Мойынты» жобаларын уақытылы жүзеге асыруға тиіс. Себебі, аталған жобалар еліміздегі теміржол жүйесінің толық қаңқасын қалыптастырады», – деп түсіндірді президент.