Жапония премьер-министрі отставкаға кетеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Сигэру Исиба Жапония премьер-министрі әрі Либерал-демократиялық партиясының (ЛДП) жетекшісі қызметтерінен кету туралы шешімін растады. АҚШ-пен кедендік баж салығы мәселесі реттелгеннен кейін уақыты келгендігімен түсіндірді.

Кетіп бара жатқан премьер шілдеде өткен сайлауда партиясының жеңілісі үшін жауапкершілік алуды бұрыннан ойлағанын, бірақ алдымен АҚШ-пен сауда келіссөздерінде нәтижеге жетуді мақсат еткенін айтты. Бұл жағдайды ол «ұлттық мүдде мәселесі» деп атады.

Исибаның айтуынша, отставкаға кету туралы шешімді өткен жұмада қабылдаған. Себебі сол күні АҚШ президенті Дональд Трамп жапон көліктері мен өзге де тауарларға салынатын кедендік бажды 25%-дан 15%-ға төмендетуге бұйрық берген.

Бұған дейін жексенбіде жапондық NHK телекомпаниясы Исибаның билеуші ЛДП партиясының ішіндегі алауыздықты болдырмау үшін отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарлаған.

Сигэру Исиба бұл қызметке былтыр бірінші қазанда келген еді. Саяси мансабы туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз