Ұят жағдай – Тоқаев Қазақстанның импортқа тәуелділігі туралы айтты

Президент Қазақстан халқына жолдауында ұлттық азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігіне ерекше назар аударды.
«Бұл – әлі де өзекті мәселе. Әрине, жүз пайыз өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкін емес, бәлкім, қажет те емес шығар. Бірақ қазіргі нарықтағы жағдай – ұят нәрсе. Сонымен қатар дәстүрлі ұлттық өнімдерді шетелдік нарықтарға белсенді түрде шығару қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл мақсатқа жету үшін аграрлық экспорт жоспарын қайта қаралып, логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар, сондай-ақ сауатты маркетингтік стратегия ескерілуі керек.
«Бұл – тек Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірқатар мемлекеттік органның міндеті. Сондықтан үкімет деңгейінде үйлесімді іс-қимыл қажет. Үкімет еуразиялық сауданың әділ шарттарын талап етуі тиіс, ал депутаттар отандық өндірушілердің мүддесін заң шығару бастамалары арқылы қорғауы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетсек, Қазақстан үшін сыртқы сауда – экономиканың күретамыры. Елдің экспорттық табысы мемлекеттік бюджеттің негізгі кірісін қамтамасыз етсе, импорттық тәуелділік халықтың күнделікті тұтынуынан бастап өнеркәсіптік өндірісіне дейін ықпал етуде.