Президент ЖИ негізінде “Қазақ Digital” мектебін құруды ұсынды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашу туралы меморандумға қол қойылды / фото: KursivMedia мұрағаты
ЖИ негізінде «Қазақ Digital» мектебін құруды ұсынылды / фото: shutterstock.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект негізінде«Қазақ Digital» мектебі атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуді ұсынды.

Ең алдымен мектеп оқушыларына арналған ЖИ негіздері туралы материалдар дайындау керектігін атап өтті.

«Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын қалыптастыру керек болады. Қашықтан оқыту тәсілі және ЖИ технологиясы негізінде «Қазақ Digital» мектебі атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдері мен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деді Президент Қазақстан халқына Жолдауы барысында.

Сонымен қатар елде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Жаңа министрлікті премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі тұлға басқаруы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз