ForteBank акциялары екі есе арзандап барып қайта қымбаттады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
ForteBank акциялары күрт арзандады / Фото:kursiv.media

ForteBank (ASBN) акциялары бүгін KASE алаңында бір сәтте 44,95%-ға арзандап, бағасы 22,26 теңгеден 12,26 теңгеге дейін түсті. Сауда көлемі 19,2 млн теңгені құрады. Бұл жағдайға ең бірінші болып Қазақстан миноритар инвесторлар қауымдастығы назар аударды.

Көп ұзамай баға тұрақтанып, қазіргі уақытта акциялар 21,45 теңгеден сатылып жатыр. Акциялардың құлдырау себебі әзірге белгісіз.

Сауда көлемі де айтарлықтай артқан: 9 қыркүйекте 59,4 млн теңгеге жетіп, 8 қыркүйектегі нәтижеден 34,1%-ға жоғары болды.

27 маусымда ForteBank Home Credit Bank-тің 100% акциясын сатып алу жөнінде алдын ала келісімге келген. Мәміле реттеушілердің мақұлдауынан кейін аяқталмақ.

ForteBank-тің түпкі иесі – кәсіпкер Болат Өтемұратов. Forbes оның дәулетін 3,7 млрд доллар деп бағалап, Қазақстандағы ең бай алты адамның қатарына енгізген. ForteBank  жыл басынан бері 109 млрд теңге, нарықтағы бәсекелік позициясын нығайтып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз