Жаңалықтар

Руслан Желдібай президент көмекшісі болды

Руслан Желдібай президент көмекшісі болды/фото: Ақорда

Руслан Желдібай президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы болды. Жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда жариялаған ақпаратта.

Бұған дейін Желдібай президент кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымын атқарған.

Ал Қуанышбек Есекеев президент көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Ол 2024 жылдың маусымында президентінің кеңесшісі болып тағайындалған.

Сондай-ақ Марат Әшім президентінің кеңесшісі – президент протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.