Алматы әуежайына кіріп-шығу ішінара шектеледі
Жарияланды

Алматы халықаралық әуежайы 2025 жылғы 10 қыркүйектен бастап өртке қарсы су құбырын ауыстыруға байланысты «Ақсұңқар» қонақ үйі алдындағы әуежай аумағына кіру және шығу уақытша шектелетінін хабарлады.
Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілмек:
• I кезең: 10 – 13 қыркүйек аралығында бір кіреберіс пен бір шығаберіс жолы жабылады, ал екінші кіреберіс жолы ашық болады.
• II кезең: 14 – 18 қыркүйек аралығында бір кіреберіс жолы жабылады, басқа кіреберіс пен шығаберіс жолдары істейтін болады.
Алматы әуежайының әкімшілігі жолаушыларға әуежайға баратын бағытты жоспарлауда осы өзгерістерді ескеруге шақырады.
Бұған дейін, Алматыдағы Қастеев музейі желтоқсанға дейін жабылатынын жазғанбыз.