Ерке Есмахан Баян Алагөзовамен құдағи болғысы келетінін айтты

Жарияланды 9 Қыркүйек 2025 15:17

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ерке Есмахан Баян Алагөзовамен құдағи болғысы келеді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ерке Есмахан Instagram-парақшасында ұлдарымен түскен суреттерін бөлісті. Желіге жүктелген кадрлардың ішінде ортаңғы ұлы Исламмен түскен сурет ерекше назар аудартты.

Әнші суретте:

«Үйленуге мен де дайынмын дейді, Алма мен Алисаға (Баянның қыздары) көзіміз түсіп жүр, бұйыртса», деп жазды.

Осылайша Ерке ұлының Баян Алагөзованың қыздарына қызығушылық танытып жүргенін әзіл-шыны аралас жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова кенже қыздары Алиса мен Алманың тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізген еді.

Сондай-ақ оқыңыз