
Ерке Есмахан Instagram-парақшасында ұлдарымен түскен суреттерін бөлісті. Желіге жүктелген кадрлардың ішінде ортаңғы ұлы Исламмен түскен сурет ерекше назар аудартты.
Әнші суретте:
«Үйленуге мен де дайынмын дейді, Алма мен Алисаға (Баянның қыздары) көзіміз түсіп жүр, бұйыртса», деп жазды.
Осылайша Ерке ұлының Баян Алагөзованың қыздарына қызығушылық танытып жүргенін әзіл-шыны аралас жеткізді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова кенже қыздары Алиса мен Алманың тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізген еді.