
Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. 9 қыркүйек күні Қазақстан құрамасының тоғыз боксшысы рингке көтеріледі.
Күндізгі бағдарлама Астана уақытымен 16:00-де басталады. Бұл сессияда 51 келіге дейін салмақта Алуа Балқыбекова Оңтүстік Корея спортшысы Мун Каенмен кездеседі. 60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева британиялық Люси Кингс-Уитлиге қарсы шығады. 55 келіге дейін Махмұд Сабырхан Косоводан келген Башким Байокумен күш сынасады. Ал 80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай Қытай өкілі Тоқтарбек Таңатханға қарсы өнер көрсетеді.
Кешкі бағдарлама Астана уақытымен 22:00-де басталады. Бұл сессияда екі дүркін әлем чемпионы, тәжірибелі боксшы Назым Қызайбай Венгрия спортшысы Лилла Селецкимен жекпе-жекке шығады. Сонымен қатар 50 келіге дейін Санжар Тәшкенбай иорданиялық Хутайфа Эшишпен кездеседі. 85 келіге дейін Бекзат Нұрдәулетов Грузия боксшысы Георгий Кушиташвилиге қарсы шаршы алаңға шығады. 70 келіге дейінгі салмақта Наталья Богданова түркиялық Сема Чалышканмен кездессе, 65 келіде Ертуған Зейнуллинов ағылшын Патрис Мугалзаймен күш сынасады.
Жанкүйерлер қазақстандық боксшылардың жек-жектерін Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре алады.