Qaitadan фильмі алғашқы аптада 400 млн теңге жинады

Жарияланды 9 Қыркүйек 2025 13:49

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Qaitadan фильмі алғашқы аптада 400 млн теңге жинады
Qaitadan фильмі алғашқы аптада 400 млн теңге жинады / фото: скрин

Аптаның басты кинопремьерасы – сөзсіз «Qaitadan» фильмі болды. Қазақстандық прокатта небәрі бір апта ішінде 400 469 069 теңге жинаған картина көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Қазақ кинематографиясында бұрын-соңды болмаған бағытты таңдаған авторлар қоғамдағы өзекті мәселелерді де айналып өтпеген. Фильмде көптеген жанр тоғысқанымен қатар, билікке қарсы ащы сатира да орын алған.

Qaitadan фильмі – режиссер Думан Еркімбектің үлкен кинодағы алғашқы жұмысы. Сценарийді ағасы, авторлардың бірі Асылбек Еркімбекпен бірге жазған. Картина Dala Cinema компаниясының жобасы ретінде, продюсер Жалын Тлеубергеннің жетекшілігімен түсірілген.

Айта кетерлігі, фильм мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде дүниеге келді. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы жобаға 190 млн теңге бөлінген.

Freedom Ticketon Box Office дерегіне сәйкес, аптаның үздік үштігіне «Заклятие 4» (169,9 млн теңге) және «Қолыңнан келсе алып қаш» (164,3 млн теңге) фильмдері де енген.

Еске сала кетейік, осы күзде ерекше жанрдағы бірнеше фильмдер кинотеатрларға шығады.  13 қараша күні кинотеатрларда «Ауру» фильмі шықса, жылдың соңына дейін «Дәстүр-2» фильмі шығу керек.

Сондай-ақ оқыңыз