Алматы облысында салынатын АЭС-тің қалай аталатыны қазан айында белгілі болады

Алматы облысында салынатын АЭС-тің қалай аталатыны қазан айында белгілі болады. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің құжатында жазылған.
Агенттік сайтында Алматы облысының Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауына жалпыхалықтық конкурсты өткізу жөніндегі комиссия құру жөніндегі бұйырығы жарияланған.
Бұйрыққа сәйкес, 2025 жылдың 19 қыркүйегіне дейін АЭС-тің үздік атауына жалпыхалықтық конкурс өткізу жөніндегі қағида бекітіледі. Ал 17 қазанға дейін АЭС атауы бекітіледі.
«2025 жылғы 17 қазанға дейінгі мерзімде Конкурс өткізілсін және Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауы айқындалсын», – делінген құжатта.
Айта кетсек, алғашқы АЭС Алматы облысының, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылында салынады. АЭС-ке үздік атау беру жөнінде халықа арасында байқау жариялауды президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.