Жаңалықтар

Депутат Алматыда электросамокаттарға уақытша тыйым салуды ұсынды

В Алматы хотят временно запретить самокаты
Алматы мәслихатының депутаты қалада электросамокаттарға тыйым салуды ұсынды / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Алматы мәслихатының депутаты Бейбіт Құсайынов қалада электросамокаттарға уақытша тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы депутат өз парақшасында жазды.

«Кеше Алматы қаласы мәслихатында өткен кеңейтілген отырыста біз электросамокаттар, мопедтер және электробайктарға қатысты маңызды мәселені талқыладық. Бүгінде олардың қозғалысы нақты ережелермен реттелмеген: жылдамдық шектелмейді, тұрақ орындары жүйесіз, ал пайдаланушылардың көбі ЖҚЕ-ні (жол қозғалысы ережелері) білмейді. Самокаттарды тротуарларда, жол бойында қалай болса солай тастап кетеді, бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, қауіп төндіреді», – дейді депутат.

Құсайынов қазіргі күні қалада қауіпсіз жүру мүмкін болмай бара жатқанын айта келе, боны шешудің бірнеше жолын ұсынған. Соның бірі Алматы қаласында электросамокаттарды пайдалануды уақытша тоқтату.

Электросамокаттарды:

  • арнайы тұрақтар орнатылмағанша;
  • қауіпсіз веложолақтар жасалмағанша;
  • жалға беру және жүргізу ережелері қабылданбағанша жүрмеуі мүмкін.

«Тек осылай біз қаланы баршаға ыңғайлы әрі қауіпсіз ете аламыз», – дейді депутат.

Еске сала кетсек, Алматы полиция департаменті қалада электросамокаттардың қозғалысын реттеу шараларын қолға алып жатыр. ІІМ самокаттар қозғалысын реттемесе, Jet, Яндекс, Woosh, Bolt сынды кикшерингілік компаниялардың иелеріне айыппұл салынатынын мәлімдеді.