
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда айтқан тапсырмалардың қалай жүзеге асырылатынын айтты. Министр Үкімет отырысында инвестициялық саясат жаңғыртылып, елге тек сапалы инвсторларды тарту бойынша нақты шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Бұл шаралар негізінде үкімет инвестицияға 5 трлн теңгеден астам қаражат тартуды жоспарлап отыр.
«Салалық министрліктер әкімдіктермен бірлесіп нарықты нақты түсінумен, инвестиция қажеттіліктерімен, жобалардың болжамды географиялық орналасуына қарай жобалар тізбесін айқындау бойынша жұмыс жүргізеді. «Инвестицияларға тапсырыс» жобаларының жалпы жоспарланған сомасы 5 трлн теңгеден асады», – деді Жұманғарин.
Бұл бағаттырда талдау, құрылымдау және инвесторларды тарту жұмыстарымен «Бәйтерек» холдингі айналысады.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып он күндік мерзімде инвестициялық саясатты қайта форматтау бойынша нақты шаралар әзірленеді. Кейіннен сапалы инвестициялар тартуға баса назар аударылған Инвестициялар тарту жүйесін түбегейлі жаңарту жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленеді», – деді Ұлттық экономика министрі.
Еске сала кетсек, кеше, 8 қыркүйек күні президент Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Өз жолдауында президент ілемде инвестицияяға талас күшейгеніні, сол үшін елге инвестиция тарту мәселесіне ден қою қажет екенін айтқан еді. Бұл орайда Қазақстанға инвестиция бойынша жаңа ұстаным қажет болатынын ескертті.