
Өзбекстанда Олий Мәжілістің Заң шығарушы палатасы адамның келісімінсіз фотоға немесе бейнежазбаға түсіруге тыйым салмақ.
Кun ақпаратына қарағанда, адамның бейнесін пайдалануға да тыйым салынуы ықтимал. Қазір заң жобасы талқыланып жатыр.
Бастамашылардың айтуынша, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы жеткілікті деңгейде қорғалмай отыр. Жобаға сәйкес, рұқсатты адамның өзі, әрекетке қабілетсіз болса – оның заңды өкілдері, ал егер адам қайтыс болып, өмірінде келісімін бермеген болса – мұрагерлері беруі тиіс.
Балалардың құқықтарына ерекше назар аударылады. Мәселен, 16 жасқа дейінгі балаларға қатысты шешімді ата-аналары немесе қамқоршылары қабылдайды. Ал 16 жастан бастап жасөспірімдер өздері келісім бере алады.
Құжатта бейнебақылауға қатысты талаптар да қарастырылған. Камералар орнатылған ғимараттар мен құрылыстарда міндетті түрде ескерту белгілері болуы керек.
Мұның алдында Өзбекстан бес айда 153,8 мың жеңіл көлік шығарған еді.