Қырғызстанның астанасы ауыса ма

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қырғызстанның астанасы ауысады деген сыбысқа қала мэрі жауап берді / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қырғызстанның астанасы ауысады деген сыбысқа қала мэрі жауап берді / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қырғызстанның астанасы ауысуы мүмкін. Джалал-Абад қаласының атауы Манас болып өзгертілген соң, осындай сыбыс тарады.  

«Азаттык» радиосының хабарлауынша, Джалал-Абад қаласының мэрі Эрнисбек Ормоков бұл жағдайға пікір білдірді.

«Астананы көшіру – бұл саяси мәселе, оған мен жауап бере алмаймын. Джалал-Абад атауы тек аңыздарға негізделген, нақты деректер жоқ. Сондықтан қаланы Манас деп атау идеясы пайда болды. Бұрын қаланы Құрманбек (қырғыз батырының құрметіне) деп өзгерту ұсынылған», – деді ол.

Оның пікірінше, бұл бастама қабылданбаған. Өйткені, көпшілік оны Джалал-Абадтан шыққан, қашқын президент Құрманбек Бакиевпен байланыстырады. Ал астананы Джалал-Абадқа көшіру туралы мэр ештеңе естімеген.

Сонымен қатар, қала басшысы Джалал-Абадтың даму әлеуеті бар екенін және астананы көшіру туралы шешім қабылданса, қала барлық қажетті талаптарға сай болатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, 3 қыркүйекте Джалал-Абад қалалық кеңесінің сессиясында мэр Эрнисбек Ормоков қаланың атауын Манасқа ауыстыру мәселесін қарастыруды ұсынған.

Сондай-ақ оқыңыз