Роза Әлқожа екінші мәрте қалыңдық көйлегін киді (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Роза Әлқожаның той көйлегі / фото: instagram
Роза Әлқожаның той көйлегі / фото: instagram

Роза Әлқожа екінші мәрте той көйлек киді. Журналист Айдын Қабамен шаңырақ көтергендеріне 25 жылдығына орай дүркіретіп той өткізді.

Тойға танымал әнші қалыңдық көйлегін киіп шықты.

«Ал құттықтап қойыңыз, бізге 25 жыл», – деп жазды Роза Әлқожа.

Тойға қазақстандық әншілер мен өнер қайраткерлері келді. Салтанатты кеште жұлдыз жаңа әннің таныстырылғанын хабарлады.

«Жан-жарыма арнап жаңа ән жаздым. «Әкемнің күйеу баласы» деген. Аллаға шүкір тойымыздың үстінде тұсауын кестік», – деп әнші оқырмандарынан сүйінші сұрады.

«Күшті әндерің. Әдемі. Тойларың кұтты болсын. Жұптарың жазылмасын. Ұл-қыздардың қызығын қызықтап аман жүріңіздер», – деп жұрт тілектестік білдіріп отыр.

Мұның алдында той үстінде бұрынғы қайын атасынан зәбір көрген әнші үндеу жасады.

Сондай-ақ оқыңыз